Қазақ хандары мен билерінің, батырларының орталығын ашып бермек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан облысына жасаған сапары барысында мәлім болды.
BI Group компаниясы Қазақ хандары мен билерінің, батырларының орталығын ашып бермек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан облысына жасаған сапары барысында мәлім болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сондай-ақ, «Базис-А» компаниясының басшысы Александр Белович әмбебап театр, ENRC басшыларының бірі, атақты миллиардер Патох Шодиев әлемдік деңгейдегі Түркі халықтарының музейін, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа халықаралық талапқа сай үлкен стадион салу, «Хайвилл Қазақстан» компаниясы тұрғын үй кешенін салуға кіріспек.
«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы жастар сарайын қолға алса, «KEGOC» Қожа Аxмет Ясауидің шағын музейін салып береді. Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ Түркістанда заман талабына сай почта бөлімшесі мен цифрлық кеңсені қолға алса, «Қазақтелеком» Smart теxнологияларды енгізеді. Кәсіпкер Данияр Абылғазин су спорты кешенін салуға уәде берсе, Нұрлан Смағұлов көлік салонын ашып береді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Түркістанға қаржылай қолдау көрсетсе, түркиялық компаниялар да Түркістанды дамытуға үлес қосатын болды.