"Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын" демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талапта жоғары болмақ.
«Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» дегенді бүгінгі жастарға жете түсіндірген абзал. Жуырда осы мақсатта "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, "Қасиетті Қазақстан" бағыты бойынша, жігіттерді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандыққа тәрбиелеу мақсатында Арыс қалалық мәдениет үйінде "Дарабоз жігіттер - 2018" байқауы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын" демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Осы орайда қалалық мектептердің дарабоз жігіттері бар өнері мен білімін көрсетіп, күш сынасып, сері жігіт екендіктерін тағы бір дәлелдеді. Қазылар алқасының әділ шешімімен жүлделі І орынды Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің дарабоз жігіті Абдумәжит Нұрсұлтан иеленді. ІІ орынды М.Әуезов атындағы орта мектебінің дарабозы Дүйсебай Ерназар иеленсе, ІІІ орын Абай жалпы орта мектебінің сері жігіті Берікбай Диасқа бұйырды.