Дүйсенбіде тағайындалған Кентаудың әкімі сейсенбіде халық алдында есеп берді

0
1 508

14 қаңтар күні Кентау қаласына әкім болып тағайындалған Ғани Рысбеков, 15 қаңтар күні екі бірдей ауылға барып есеп берген. Сонымен қатар, Ащысай, Хантағы ауылы әкімдерінің есебін тыңдап, елдімекендердің тыныс-тіршілігімен танысты.


Дүйсенбіде тағайындалған Кентаудың әкімі сейсенбіде халық алдында есеп берді

Кентау қаласының әкімі қызметіне дүйсенбі күні тағайындалған Ғани Рысбеков сейсенбі күні Ащысай ауылында болып, халық алдында есеп берді - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ғани Құрмашұлы Ащысай ауылының тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Шоқан Алиханов 2018 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдады. Түс қайта есептік кездесу Хантағы ауылында жалғасын тапқан болатын.

Бұдан кейін, Хантағы ауылының әкімі Бауыржан Жорабеков 2018 жылғы атқарған жұмыстарының нәтижесі бойынша ауыл тұрғындарының алдында есеп берді. Қос ауылдың тұрғындары қала басшысына ауылдағы мәселелер жайында айтып, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Айта кету қажет, қала әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі арнайы кестеге сәйкес жүзеге асуда. Бір күнде екі ауылда болып, тұрғындармен бірге ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстарын тыңдап, қала көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша да ел алдында есеп беріп жүр.