Барлық жұмысты тікелей бақлайтынын айтты.
Түркістан облысына келген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің іс-сапары жалғасуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мырзағалиев Мағзұм Мұратұлының іс-сапары әлі де жалғасып жатыр.
Атап айтсақ 2020 жылдың бірінші шілдесінде аталған министрдің іс-сапары Жетісай және Мақтарал аудандарында өтті. Атап айтсақ, министр жұмыс барысында Мақтарал ауданы бойынша жүргізіліп жатқан ИДЖЖЖ-2 жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының барысымен танысты және Өзбекстан Республикасына қарасты Сардоба су қоймасының апатынан кейінгі орын алған жағдайды реттеу үшін су шаруашылығы нысандарының қазіргі жағдайы мен жүргізіліп жатқан жұмыстарын бақылады. Өз кезегінде Министр әр бір құрылыстың сапасы мен уақытылы аяқталуын өз қадағалауына алатындығын жеткізді. Одан кейін іс-сапармен Жетісай ауданында да болды.
Айта кетейік, Жетісай қаласындағы М.Әуезов және Қ.А.Яссауи көшелерінің қиылысына, сонымен қатар Асықата кентінеді Әл Фараби көшесінің бойына аудан әкімдігі тарапынан жол қауіпсіздігін арттыру және тұрғындардың жүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында бағдаршамдар орнатылды. Алдағы уақытта маңыздылығына қарай өзге де көшелерге бағдаршамдар орнатылатын болады.