Созақ ауданындағы С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Елбасымыздың бағдарламалық мақалалары мен Қазақстанның тәуелсіздіктің 27 жылында жеткен жетістіктері туралы жақсы білетіндіктерін көрсетті.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Созақ ауданындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде Жуантөбе ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскері Ф.Сәндібековамен «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздікті балалардың санасына сіңіру, ел мен жерге құрметті арттырып, азаттықты бағалай білуге үйрету мақсатындағы бұл іс-шара Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Арталықтың жастар ісі жөніндегі әдіскері Ф.Сәндібекова кездесуді Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай деңгейге жеткізген Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаткерлігі мен ерен еңбектерін әңгімелеумен бастады. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырыған Елбасының бағдарламалық мақалаларымен таныстырды.
Елі мен жері үшін ерлікке тәуекел еткен қазақ хандары мен батырлары туралы да айтып, ұлтымыздың бостандыққа қалай жеткенін оқушыларға ұқтыра білді.
«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбын жастардың санасына бекіту мақсатында Ф.Сәндібекова кездесу соңында оқушыларды 3-топқа бөліп, Қазақстанның тарих беттерінен сұрақтар қойды. Оқушылар ғасырлар қойнауына көз тастап, қазақ елінің сан қилы тарихы туралы білімдерінің жоғары екенін көрсетті.