Қ. А.Ясауи кесенесінің айналасы абаттандырылады

0
1 431

Дүниежүзілік мұра мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО-ның отырысында Қ. А.Ясауи кесенесінің айналасындағы аумақты абаттандыру бойынша шешім қабылданды.


Қ. А.Ясауи кесенесінің айналасы абаттандырылады

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық мәдени байланыстарды сақтау және дамыту бағытында екі маңызды мәдени оқиға өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл іс-шаралар арқылы Түркістан облысының әлемдік деңгейде мәдени дамуын, халықаралық туризмді дамыту мен сақтау және Ұлы Жібек жолының дәстүрлі қолөнерін жандандыру көзделген. Іс-шара арқылы «Бір белдеу – Бір жол» халықаралық жобасын іс жүзінде жүзеге асыру жоспарланған. Қазақстан делегациясын еліміздің Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастап барды. Дүниежүзілік мұра мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО-ның отырысында Қ. А.Ясауи кесенесінің айналасындағы аумақты абаттандыру бойынша шешім қабылданды.

Яғни, 4 шілдеде Баку қаласында Түркістан облысының делегациясы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитетінің 43-сессиясында маңызды келісімдерге қол жеткізді. Сессияда Қ. А.Ясауи кесенесі аумағындағы құрылыс объектілерінің дүниежүзілік мұраға әсерін бағалау мәселелері де қаралған болатын.


Дереккөз:Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі