​Кәсіпкер әйелдерге 5 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі

0
1 985

Түркістан облысындағы кәсіпкер әйелдерге 7 жыл мерзімге 5 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі.


​Кәсіпкер әйелдерге 5 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі

ERNUR.KZ. ОҚО Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Қазақстан Халық Банкі» өкілдері Түркістан облысындағы кәсіпкер әйелдерге 7 жыл мерзімге 5 пайыздық жеңілдікпен несие береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруды бастады. Аталмыш банк әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін 1 млрд. теңге бөлген.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәрмен Даниярдың айтуы бойынша бұл несие кез келген кәсіп түрімен айналысатын әйелдерге беріледі. Сонымен қатар 5-тен 7 пайызға дейінгі (2 жылға дейін 5 пайыз, 3 жылдан бастап 6 пайыз, 7 жылға дейін 7 пайыз) алынатын несие көрсеткіші максималды түрде 10 млн. теңгеге дейін жетеді. Мұны 2018 жылдың аяғына дейін алып үлгеру керек, себебі бағдарлама осы жылдың соңына дейін есептелген. Кепіл ретінде банк жылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік және ақшалай (депозит) қабылдайды. Егер кепілге қойылатын заттың құны жеткіліксіз болса, «Даму» қоры өзінің бастаушы кәсіпкерлеріне көмектесе алады, сонымен кепілдік мөлшері жеткіліксіз болса да кәсіпкер әйелдерге өз ісін ашуға мүмкіндік ашылады.

Несие алу үшін кәсіпкер әйелдер ОҚО Кәсіпкерлер палатасына өтініш беру керек. Несие алуға өтініш берген әйел бизнестің акционері немесе иесі, ең бастысы оның белсенді қатысушысы болуы шарт. Сондай-ақ кем дегенде жарты жыл бойы бизнесті жүргізу тәжірибесі болуы керек.