​Кәсіпкерлер 2019 жылы жалақының 42500 теңгеден кем болмайтынына уәде берді

0
2 126

Бүгінгі күнге Төлеби ауданында барлық кәсіпорындар пен жеке кәсіпкерлер бұл жоспармен таныстырылды.


​Кәсіпкерлер 2019 жылы жалақының 42500 теңгеден кем болмайтынына уәде берді

Түркістан облысы, Төлеби ауданының кәсіпкерлері 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың жалақысы 42500 теңгеден кем болмайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 12.10.2018 ж. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Жалпыұлттық жоспар бекітілуіне байланысты ауданда тиісті жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, бүгінгі күнге Төлеби ауданында барлық кәсіпорындар пен жеке кәсіпкерлер бұл жоспармен таныстырылды.

Нақты атап көрсетсек,«Компания ФудМастер-Шымкент» ЖШС, «Ленгер машина жасау зауыты» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС басшыларынын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың жалақысың көтеру бойынша келісім хаттар алынып, басқармаға жолданды. Сонымен қатар, аудандағы барлық кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден төмен болмауына уәде етті.