Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеден жұмысын жандандыру мәселесі зерделенді

0
56

Көліктер кезегін ақысыз электронды жүйе арқылы реттеп, өткізу уақытын қысқарту қатаң бақыланады.


Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеден жұмысын жандандыру мәселесі зерделенді

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеден бекеттерінің жұмысын жандандыру мәселесі зерделенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына іссапармен барып, жұмысшы топтың қатысуымен арнайы кеңес өткізді. Жиында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы қоғамдық-саяси ахуалдың алдын алу және екі ел арасындағы өзара сенімге нұқсан келтірмеу мәселелері талқыланды.


Сондай-ақ Үкіметтік селекторлық жиында көтерілген кеден бекеттерінің маңындағы жеке автотұрақтардағы келеңсіз жағдайлар да қаралды. Кеңесте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымына кіретін 8 кеден бекеті және 2 бақылап-өткізу пунктінің жұмысын дамыту ұсыныстар айтылды.


Зұлпыхар Сансызбайұлы жиын соңында тиісті сала өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, қатаң қадағалауда болатынын жеткізді. Кеден бекеттерінде тәртіпті қамтамасыз етіп, бекеттер аумағында санитарлық тазалықты күшейту тапсырылды. Заңсыз ақша алып, көмектесетін тұлғалардың әрекеттерін болдырмау шаралары қолға алынады. Көліктер кезегін ақысыз электронды жүйе арқылы реттеп, өткізу уақытын қысқарту қатаң бақыланады.


Іссапар барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Сарыағаш ауданындағы Қазығұрт және Қабланбек кеден бекеттерін, Келес ауданындағы Бауыржан Қонысбаев кеден бекетін, Мақтаарал ауданындағы Атамекен кеден бекетін аралап, жұмысымен танысты. Құзырлы органдармен бірге өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Бөлісу