Нысанның жалпы аумағы 76 гектарды қамтиды.
Еліміздегі ең ірі мал бордақылау кешені Түркістан облысында салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Сайрам ауданында 21 мың бас мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. Қайнарбұлақ ауыл округіндегі нысанның жалпы аумағы 76 гектарды қамтиды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.
Жеке кәсіпкер Бексұлтан Бегалиевтің жүзе асырып отырған жобасының құны 3 млрд теңгені құрайды. Екінші деңгейдегі банктер мен АҚҚ корпорациясы арқылы несие алған кәсіпкер тәулігіне 500 тонна ет өндіруді көздейді. Асылтұқымды мал басын бордақылайтын кешенде 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.