«Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қолдауымен өз жұмысын бастаған сынып оқу құралдары, заманауи компьютерлер, қажетті веб-бағдарламалармен және 3D модельдеу үстелдерімен толықтай қамтамасыз етіліп жабдықталған.
«Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қолдауымен Ащыбұлақ жалпы орта мектебінде алғаш рет арнайы ІТ-сыныбы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Қазығұрт Жастар Ресурстық Орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасымыздың партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес бүгінде партия кеңесін жаңарту жұмыстары қарқындыжүзеге асуда.
Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, тегін білім беру саласын жетілдіру жұмысы қолға алынды.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 3-қазаны күні Қазығұрт ауданында ІТ-сыныптың ашылу салтанаты болып өтті. «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қолдауымен өз жұмысын бастаған сынып оқу құралдары, заманауи компьютерлер, қажетті веб-бағдарламалармен және 3D модельдеу үстелдерімен толықтай қамтамасыз етіліп жабдықталған.
Мұнда ауыл балаларына арнап жастардың цифрлық бағытта сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалынуда. Балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сайтолық білім алуы қамтамасыз етілуде.