Келес ауданында келісті істер көп

0
4 120

Спорт кешенін кәсіпкер Мырзабаев Ғалымжан өз қаражаты есебінен 2017 жылы құрып, 2020 жылы толық аяқтауды көздеп отыр.


Келес ауданында келісті істер көп

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков Келес ауданының орталығы Абай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келес ауданына насихат тобын басқарып келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков алдымен Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан Келес аудандық орталық ауруханасының жұмыс барысымен танысып шықты. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Абай ауылындағы «Әуес» сауда орталығында болып, базар тыныс- тіршілігімен танысты. Аудан аумағында аралау барысында облыс әкімінің орынбасары Біртілек ауылдық округі, Аққорған елді мекенінде орналасқан «Келесгидрострой» ЖШС-нің «Рысжан» шағын су электр станциясының жұмысымен танысты. Аталған нысанның құрылысы 2012 жылы басталып, 2014 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Мұнан соң Ербол Қуанышұлы «Келес» спорт кешенінде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын көріп шықты. Спорт кешенін кәсіпкер Мырзабаев Ғалымжан өз қаражаты есебінен 2017 жылы құрып, 2020 жылы толық аяқтауды көздеп отыр. Ербол Қуанышұлы алдағы уақытта нысанды дамытып құру жобаларына мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін атап айтты.
Облыс әкімінің орынбасары аудандағы кәсіп орындар мен мекемелерді аралау барысында қолға алынып жатқан жобаларға оң бағасын берді. Сондай-ақ, ол аудан басшылығымен кіші және орта кәсіпкерлік салаларын дамыту жолдарын талқылады. Түркістан облысының әкімі орынбасары Ербол Тасжүреков Келес ауданы әкімі А.Есбаев және аудан әкім аппаратына өзінің оң бағасын беріп, алдағы уақытта еліміз үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Елбасымыз кәсіпкерлерге бар жағдай жасауды атап көрсеткен сондықтан шағын кәсіпкерлерге қолдау білдіру керек екенін атап өтті.