Іс-шараға №2 Абай ауылы балалар саз мектебі мен «Чунга-чанга» оқу орталығы оқушылары және де ауылдың белсенді жастары қатыстырылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай ауылындағы «Әуес» сауда орталығында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі қалдыру, жастар арасында қазақтың төл өнері домбыра аспабын кеңінен насихаттау мақсатында Абай ауылының әкімі Ерғали Тастемірұлының бастамасымен, Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен, «№2 балалар саз мектебі», «Чунга-чанга» оқу орталығы, аудандық мәдениет үйімен біргелікте «Домбыра Party» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Іс-шараға №2 Абай ауылы балалар саз мектебі мен «Чунга-чанга» оқу орталығы оқушылары және де ауылдың белсенді жастары қатыстырылды. Іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан талантты жастар ауыл әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, оқушыларға жетекшілік жасаған ұстаздарға сый- сияпаттар жасалды.