​Келес ауданының әкімі аппараттық жиын өткізді

0
2 516

Әкім бюджеттің орындалуы мен жұмыстан тыс уақытта да тұрақты сақтауын қатаң түрде тапсырды.


​Келес ауданының әкімі аппараттық жиын өткізді

Түркістан облысы Келес ауданында әкімдіктің мәжіліс залында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аппараттық жиынға аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, аудан әкімінің аппарат басшысы (уақытша міндетін атқарушы) Сыдықбай Жолдыбаев, аудандық мемлекеттік мекеме өкілдері, дербес бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округтің әкімдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 2018 жылға арналған аудан бюджетінің кіріс-шығыстарының жыл қорытындысы бойынша болжамды орындалуы бойынша және Келес ауданының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау сынды мәселелер қаралды. Келелі жиында көтерілген мәселелер бойынша хабарламашылар баяндама оқып, жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға тиісті жауаптарын берді.

Жиын соңында аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы аудандық дербес бөлімдер мен ауыл, ауылдық округтері әкімдеріне бюджеттің орындалуы және әдеп нормаларын жұмыс уақытында, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта да тұрақты сақтауын қатаң түрде тапсырды.