Кентаудағы Жылу орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

0
162

Жауапты тұлғаларға жылудан мәселе туындамау керек екенін ескертіп, жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.


Кентаудағы Жылу орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

Кентау Жылу энерго орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығы қайта жаңғыртудан өтіп, қазіргі таңда қаланы толық жылумен қамтып отыр.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласындағы Жылу энерго орталығында болып, жұмысымен танысты. Жауапты тұлғаларға жылудан мәселе туындамау керек екенін ескертіп, жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қаласы ЖЭО-ның «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, жылу көздерін жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген Жылу энерго орталығында қазандықтардың қайта құру жұмыстары қолға алынды.


Нақтырақ айтқанда, 6 қазандықтың қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 5 қазандықта қайта құру жұмыстары аяқталды. Ал бір қазандық қайта құрудан соң жақын күндері іске қосылады. Бұдан бөлек, 2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. №5 қазандық бюджет есебінен, №6 қазандық демеушілер есебінен жөнделді.


Сонымен қатар облыс аумағындағы 300 шақырымға жуық жылу желілеріне толық техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жылу желілерінің тозуы 49 пайызды құрады. Кентау қаласындағы 6,6 шақырым магистральды жылу желілері қайта жаңартылды. Одан бөлек, 14,5 шақырым жылу желілерін реконструкциялау бойынша жоба әзірленіп, бюджеттік өтінім министрлікке ұсынылды.


Айта кетейік, қаладағы 14 мыңға жуық абонент орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 108 бюджеттік мекеме, 2 мыңнан астам жеке сектордағы тұрғын үй, 347 көпқабатты тұрғын үй және 441 коммерциялық нысан бар.

Бөлісу