Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ сайтының Түркістандағы тілшісі.
Түркістан облысының әкімі аппараты ғимаратында өткен елеулі оқиғаға облыстық, аудандық, қалалық мәлихат депуттатары мен БАҚ өкілдері қатысты. Ынтымақтастық аясындағы меморандумға қол қою кезінде қос әкім жаңа облыс орталығы атанған Түркістан қаласы мен республикалық маңызы бар қалаға айналған Шымкент қалалары арасында әлеуметтік-мәдени, саяси-эканомикалық тұрғыдағы қарым-қатынас жандана беретініне сенім білдірді.
Кездесуде Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласынан Түркістан қаласына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілердің қонысы құтты болуына тілек білдіріп, Түркістанның дамуына үлес қосуға әзір екендігін жеткізді.
Ол үшін Шымкент шаһарының әкімі қаланың Бас жоспары берілгеннен соң Шымкент қаласың атынан Түркістанға белгілі бір ғимарат салып беруді жоспарлап отырғандығын жеткізді.