Күш біріктірген түркістандық тұрғындар ағын су арнасын жөндеп алды

0
1 449

Әкімдік арнайы техникалар бөлген.


Күш біріктірген түркістандық тұрғындар ағын су арнасын жөндеп алды

Төлеби ауданындағы Науыт каналының ескі арнасы жөнделіп, толығымен тазаланды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Диханкөл ауылына келетін Науыт каналының ағын су келетін ескі арнасы жөнделіп, толығымен тазаланды. Аталған жұмыстарға Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы техникалар жұмылдырылған және ауыл азаматтары да бітер істің басында бір кiciдей атсалысқан. Нақтырақ айтсақ, аталған каналдың бас-аяғы 8 шақырымдай арнасы тазаланған. Негізінен, Диханкөл ауылында 300 отбасы, 2000-ға жуық тұрғын бар. Ендігі кезекте ауыл тұрғындары ағынды сумен толықтай қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, Төлеби ауданы аумағында пандемиямен күрес жұмыстары да күшейтілуде. Түркістан облысының Бас санитарлық дәрігерінiң 2020 жылдың 25 маусымындағы №25 қаулысына сәйкес: Төлеби ауданы аумағындағы барлық демалыс орындары өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Осыған орай арнайы құрылған мобильді топ демалыс аймақтарына барып, рейд жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, базарлар, дүкендер және азық-түліктік емес сауда орталықтарының қаулыда белгіленген жұмыс режиміне байланысты уақытында жабылуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.