Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы жеңістің ақиқаты мен маңызы" деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды

0
3 281

Бұл конференцияға арысы Өзбекстаннан келген ғалымдар, Мұрат Жұрынов бастаған 6 академик, ғалымдар мен ақын жазушылар, журнслистер, тарихшылар қатысты. Ғылыми конференцияны облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып берді.


Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы жеңістің ақиқаты мен маңызы

ERNUR.KZ. ОҚО "Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласының 1 жыл толуына орай "Ұлт тарихындағы Ұлы белес" атты республикалық жиын аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ де "Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы жеңістің ақиқаты мен маңызы" деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл конференцияға арысы Өзбекстаннан келген ғалымдар, Мұрат Жұрынов бастаған 6 академик, ғалымдар мен ақын жазушылар, журнслистер, тарихшылар қатысты. Ғылыми конференцияны облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып берді.

Орбұлақ шайқасындағы Ұлы жеңіске 375 жыл толуын атап өтуге бағытталған ғылыми конференцияда Өзбекстан Республикасы Самарканд мемлекеттік университетінің профессоры Мусирманов Эркин, Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры Толобек Абылұлы сөз алып, тарих төңірегінде пікірін айтып, осындай келелі басқасуды ұйымдастыруға ұйытқы болған Оңтүстік жұртшылығына ризашылығын білдірді.

ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржекеев Орбұлақ деректері жайлы айтса, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің профессоры Ғизатулла Хамидуллин рухани жаңғыру Орбұлақ шайқасы тақырыбында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу төңірегінде әңгіме өрбітті. Республикалық "Жалаңтөс Баһадүр" қорының төрағасы Нажмедин Мұсабаев Жалаңтөс Баһадүрдың туған топырағымен ұрпағы туралы деректер келтірді. Абайтанушы ғұлама ғалым Мекемтас Мырзахметов ұлт бірлігі хақында ой қозғады.