Айып добын сәтті орындаған қызылордалықтар есепті бір допқа қысқартты. Соңғы минутқа дейін тартысты өткен ойын 3:2 есебімен, «МАҚТААРАЛ» командасының пайдасына шешілді.
21 – қазан күні Атакент кенті, «Алпамыс батыр» орталық стадионында жергілікті «МАҚТААРАЛ» командасы Қазақстан футбол чемпионаты (1- лига) аясында Қызылорда қаласының «БАЙҚОҢЫР» командасын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойын басталысымен, мақтааралдықтардың алғашқы шабуылы нәтижелі аяқталды. Есеп 1:0. Арада он минуттай уақыт өте, қызылордалық жігіттер қарсы шабуыл ұйымдастырып, есепті теңестірді. 1:1. Бірінші таймның соңында, «БАЙҚОҢЫР» командасының қақпасы алдында қарбалас сәтте, қызылордалық ойыншы өз қақпасына доп соқты. Автогол.
Бірінші тайм 2:1, мақтааралдықтардың пайдасында. Екінші тайм басталысымен, мақтааралдықтар үздіксіз шабуылының бірі нәтижелі аяқталды. Есеп 3:1. Ойын соңында мақтааралдық қақпашы қарсыластың шабуылшысымен допқа талас кезінде ойын ережесін бұзып, төреші 11-метрлік нүктені көрсетті.
Айып добын сәтті орындаған қызылордалықтар есепті бір допқа қысқартты. Соңғы минутқа дейін тартысты өткен ойын 3:2 есебімен, «МАҚТААРАЛ» командасының пайдасына шешілді. Айта кетейік, 4 – қараша күні «МАҚТААРАЛ» өз алаңында Алматының «ҚАЙРАТ АКАДЕМИЯ» командасын қабылдап, 2018 жылдың футбол маусымын аяқтайды.