​Мақтааралдық оқушылар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

0
2 238

Сонау қиын-қыстау замандарда да Елбасының көрегенділігін дәріптеп, жарқын болашақтан үмітін үзбеген мақтааралдық ұстаздар «ҚР Тұңғыш Президенті Күні» мерекесіне орай салтанатты шеру ұйымдастырды.


​Мақтааралдық оқушылар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Түркістан облысы Мақтаарал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің Президенім – менің елім» тақырыбында салтанатты шеру болып өтті. Аталмыш шараға ауданның барлық мектептерінен оқушылар командалары қатысып, көрме өткізілді, деп хабарлайды осы өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Өскелең ұрпаққа Елбасы туралы терең мағлұматтар беру, өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып елжандылыққа, отансүйгіштікке баулу, ұлттық санасы мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу мақсатындағы шарада мектеп оқушылары небәрі 44 жасында ел тізгінін қолына алып, әлеуметтің әлеуетін жақсарту жолында қажырлы еңбек еткен ұлт көшбасшысының өмірі мен еңбектері дәріптелген кітап және фото көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» бейнетаспа презентациясын жасап, Елбасына арнаған өлеңдерін оқыды. Салтанатты шара соңында ұстаздар мен оқушылар Елбасының сөзіне жазылған «Елім менің» әнін біргелікте орындады.

Шеру қорытындысы бойынша білім ошақтарының дайындықтары ескеріліп І орынды Қ.Әбдалиев жалпы орта мектебінің оқушылары иеленсе, ІІ орын «Панфилов» жалпы орта мектебі мен «Мырзакент» мектеп-гимназиясының оқушыларына, ІІІ орын «Жамбыл», «Жаңа жол» және «А.Тұяқбаев» мектептерінің шәкірттеріне бұйырды.

Шараны ұйымдастырушылар жеңімпаздармен қатар шараға қатысып, белсенділік танытқан барлық командаларды алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сылықтар табыс етті.