Мас халде көлік айдап кісі өліміне себепкер болған арыстық азаматқа сот үкімі шықты

0
1 358

5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.


Мас халде көлік айдап кісі өліміне себепкер болған арыстық азаматқа сот үкімі шықты

Мас халде көлік айдап кісі өліміне себепкер болған арыстық азамат сотталды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол алдындағы көліктен басып озу үшін қатты жылдамдықпен жолдың қарама қарсы бағытына шығып кеткен.

Сотталушы У.Т. " Subaru Legazy" маркалы автокөлігімен Арыс-Шардара тас жолының 163/90 шақырымында 90 км/сағ. жылдамдықпен қарама қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп өз жолында келе жатқан «Toyota Runner» маркалы автокөлікпен соқтығысады. Салдарынан «Toyota Runner» автокөлігінің жүргізушісі ауыр жараланып, көлік ішіндегі бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Мас халде көлік айдап кісі өліміне себепкер болған жүргізуші сот үкімімен кінәлі деп танылды.

"Сотталушы ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жаза ретінде 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, азаматтық жауапкер У.Т.-дан азаматтық талапкердің пайдасына 3 000 000 /үш миллион/ теңге моральдық залал өндіруге үкім етілді,"- деп мәлімдеді Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.