Мектеп ішінен өлкетану музейі ашылды

0
1 898

Сырлы Созақ өңірі – рухани құндылықтарға бай өлке. Музей тіпті бір кездері шетелдік меймандарды да қызықтырыпты. Мұнда келушілердің саны жылдан-жылға артпаса, кеміген емес.


Мектеп ішінен өлкетану музейі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының тұрғыны Махажан Оспанов мектеп ішінен өлкетану музейін жасақтады. Шағын ғана музейде қазірдің өзінде 1700-ден астам жәдігер бар. Баба ата ауылындағы бұл экспонаттарды көруге шетелдіктер де ынтық. Бұл шағын музейде көненің көзі болған түрлі заттарды кездестіруге болады. Тіпті 10-12 ғасырға тән диірмен тастар да осында, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыры кетсе де сыны кетпеген асыл қазыналарды мектеп шәкірттері сабақ барысында да пайдаланады. Махажан Оспанов Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта мектебінде тарих пәнінен сабақ береді. Ұстаз «музейді шәкірттерім үшін аштым», – дейді. Себебі тарихта кездесетін жәдігерлерді оқушылар көзбен көріп, қолмен ұстап білуі тиіс. Сонда ғана сабақ мазмұнды әрі қызықты өтеді. «Балалардың да пәнге деген қызығушылығы артады», – дейді мұғалім. Шағын музейде 1700-ден астам экспонат қойылған. Барлық заттарды оқушылар өздері үйінен алып келіп тарту еткен. «Кейбір құнды жәдігерлерді сатып алуға да тура келді», – дейді білім ұясының басшылығы. Ендігі жерде музейді Баба ата ауылының орталығынан кең етіп ашу ойда бар. Тек бұған қажетті ғимаратты аудан басшылары шешіп берсе болғаны.

Сырлы Созақ өңірі – рухани құндылықтарға бай өлке. Музей тіпті бір кездері шетелдік меймандарды да қызықтырыпты. Мұнда келушілердің саны жылдан-жылға артпаса, кеміген емес.