Жарыста 77 мектептен қатысқан 2000-нан астам оқушы бақтарын сынады.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында оқушылар арасында әскери спорт түрінен сайыстар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл сайыс оқушылар бойында азаматтық борышын өтеуге, конституциялық міндетін орындауға даярлығын және Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Жастарды патриоттық тәрбиеге баулитын сайыс Сарыағаш ауданы әкімі Қайрат Абдуалиевтің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып, қазан айында бастау алған болатын. Аудандағы 77 команда жарысқа қатысуға өтінім білдіріп, олардың арасында іріктеу өткен еді. Солардың ішінен сүрінбей кіл мықтылардан жиналған 7 команда ақтық сынға дейін жетті.
Ақтық сайыс боойынша Сарыағаш қаласында №141 «Қапал батыр» атындағы мектепте финалдық ойындар өтті. Тартысты өткен жарыста бас жүлдені қанжығасына ілген «Құркелес» командасы болды. Ал 1-орынды «Жас Ұлан», 2-орынды «Жас шекарашылар», 3-орынды «Қалқан» командасы иеленді.
Бас жүлдені жеңіп алған команда Түркістан қаласында өтетін облыстық әскери спорттық жарысқа қатысатын болды.