​Миллион теңгелік мал-мүлік жымқырылған

0
1 580

ERNUR.KZ.Ағымдағы жылдың мамыр айында Шардара АІІБ-не жергілікті тұрғын арызданды, онда белгісіз азамат оның мал қорасынан екі сиырды ұрлағаны көрсетілген.


​Миллион теңгелік мал-мүлік жымқырылған

ERNUR.KZ.Ағымдағы жылдың мамыр айында Шардара АІІБ-не жергілікті тұрғын арызданды, онда белгісіз азамат оның мал қорасынан екі сиырды ұрлағаны көрсетілген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығынның сомасы шамамен миллион теңгені құрап отыр. Аталған жайт ҚР ҚК «Ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Шардара АІІБ полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады, олар бұрын сотталған ОҚО тұрғындары болып шықты. Полицейлердің анықтауынша ұсталған азаматтар 2017 жылы жасалған тағы бір мал ұрлығына қатысы бар. Адамдардың жоқтығын пайдаланып, барымташылар түнгі уақытта Шардара ауданы тұрғындарының мал қорасынан жылқы, сиыр және қой ұрлаған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды және ұрланған мал заңды иелеріне қайтарылған. Полицейлер ұсталғандардың осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары ОҚО тұрғындарынан өз мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият болуды сұрайды. Малды жайылым мен аулаларда қараусыз қалдырмаған жөн. Өз аула мен мал жайларын сенімді қоршаулармен бекітіп, малға ен-таңба салу керек.

Егер Сіз мал ұрлығының куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда тез арада «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабарлаңыз.