Әлемдік додаға 46 елден 650 спортшы қатысты.
Түркістан облысының саңлақтары ММА турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Біріккен Араб Әмірлігі Абу-Даби қаласында ММА-дан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға 46 елден 650 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрама командасының сапында Түркістан облысының саңлақтары да өнер көрсетті.
Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің екі спортшысы қатысып, ел намысын абыроймен қорғады. Жекпе-жекке шыққан 44 келідегі Пердебек Орынбасар қола алқа еншіледі.