8194,5 гектар аумақта ағаш отырғызуға келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар қолға алынған.
Нұралхан Көшеров «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының өндіріс жөніндегі бас директорымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековпен кездесті. Басқосуда мекеме тарапынан келісімшарттың тармақтарында көрсетілгенағаш отырғызу және оларды күтіп-баптау, орман қорына өткізу жұмыстарының орындалу барысы қаралды.
Қазіргі таңда Түркістан облысы әкімдігімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарасты «Қаратау», «Казатомпром-SaUran», «Оңтүстік Тау-Химиялық Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне уран өндіру мақсатында жалпы көлемі 4097,25 гектар жер уақытша пайдалануға берілген.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Орман Кодексіне сәйкес және Түркістан қаласы айналасынан «Жасыл белдеу құру» жобасы аясында жалпы көлемі 8194,5 гектар аумақта ағаш отырғызуға келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар қолға алынған.
Кездесуде отырғызылған ағаштарды қабылдап алу және оларды орман қорына өткізуді тездетіп аяқтау қажеттілігі айтылды.ҚР қолданыстағы заңнама мен келісімшарт талаптарына сәйкесмекеме бұл міндеттемелерді 3 жыл ішінде орындауы тиіс. Дегенменаталған жұмыстардың тиісті деңгейде орындалуы үшін қосымша қаржыландыру мен уақыт қажет екені де атап өтілді.
Тараптар алдағы уақытта отырғызылған ағаштарды орман қорына өткізу және жасыл белдеуді ұлғайту бағытында жұмыстарды жандандыру жөнінде келіссөз жүргізді.
Бұл мәселе тұрақты бақылауда болады.


