ОҚО бойынша МКД басшысының орынбасары екі айға қамауға алынды

0
1 573

Нұржан Теңлібаев ​ айыптау саралауы бойынша 2017-2018 жылдар аралығында 144 мың АҚШ доллары мен 4 млн 500 теңге пара алды деп айыпталып отыр. Судья бұған дейін ақпараттарда көрсетілген 1 млн 200 мың АҚШ доллары сыйақы алды деген ақпаратты растай алмайтындығын айтты.


ОҚО бойынша МКД басшысының орынбасары екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұржан Теңлібаев екі ай мерзімге қамауға алынды. j5FY Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2 маусым күнгі шешімімен күзетпен бұлтартпай ұстау шарасы туралы санкция берлді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Нұржан Теңлібаев айыптау саралауы бойынша 2017-2018 жылдар аралығында 144 мың АҚШ доллары мен 4 млн 500 теңге пара алды деп айыпталып отыр. Судья бұған дейін ақпараттарда көрсетілген 1 млн 200 мың АҚШ доллары сыйақы алды деген ақпаратты растай алмайтындығын айтты.

Теңлібаев Нұржан Серікбайұлы ҚР Кеден саласында 1991 жылдан бастапт қызмет ете бастаған. Ұлты қазақ, 1968 жылы туған, төрт баланың әкесі. 2014 жылдан бері ОҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Тікелей кеден саласы бойынша жауапты болған.

"2018 жылдың ақпан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы құрықтаған 15 кеден қызметкерлерінің ісін тергеу кезінде Теңлібев күдікті ретінде танылып отыр. "Қазығұрт", "Қапланбек", "Атамекен" және "Сарыағаш" кеден бекеттерінің қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық іске тікелей байланысты болып тұр"-дейді әл-Фараби аудандық сотының судьясы Қали Байарыстанов.

Теңлібаев Нұржан Серікбайұлы ҚР ҚПК нің 366 бабының 4-ші бөлігімен күдікті деп танылуда. Аса ауыр қылмыс санатына жататын бұл бап бойынша, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, ұсталған шенеунік кінәсін мойындаған жоқ.