ERNUR.KZ Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жасар бала алқап суаратын арыққа батып кетті. Қайғылы жағдай Сарыағаш ауданының Көгерту ауылында болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
ERNUR.KZ Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жасар бала алқап суаратын арыққа батып кетті. Қайғылы жағдай Сарыағаш ауданының Көгерту ауылында болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай 10 маусым күні тіркелген. «10 маусымда сағат 16:45-те Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Көгерту ауылындағы үйдің жанынан өтетін суармалы арыққа 2012 жылы туған бала батып кетті. Ол туыстарының қарауынсыз қалып, абайсызда арыққа құлап кеткен. Сол күні сағат 17-00-те жеткіншектің өлі денесін туыстары судан тауып, шығарып алған» делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кететін жағдай, өңірде балалардың суға кетуі жиілеген. Жыл басынан бері өңірде 22 адам судан ажал құшса, өкінішке орай оның 19-ы жас бала. Ал, өткен аптада Сырдария өзеніне 5 жасар бүлдіршін мен мен әкесі суға кеткен. Баланың өлі денесін туыстары тапқанымен, 37 жастағы әкесінің денесін іздестіру жалғасуда. Құтқарушылардың 4 күн бойы жүргізіп жатқан іздеу шаралары нәтиже бермеуде.