ОҚО-да бас редакторлар клубының отырысы өтті

0
1 082

«Өңірдегі ақпараттық саясатты жүргізудің басым бағыттары» деген тақырыппен өткен бас қосуда Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы, «Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы және Астана қаласының 20 жылдығы аясында атқарылатын шаралар талқыланды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Елбасы қойған тапсырмаларды орындауда бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс атқару маңызды екенін атап өтті.

«Елбасы биылғы Жолдауында дамыған елдердің қатарына қосылып, озық мемлекетке айналу үшін негізгі он міндетті нақтылап берді. Аталған бағыттар бойынша атқарылатын және атқарылған жұмыстарды халыққа жеткізуде Сіздердің (БАҚ-ред.) рөлдеріңіз орасан зор», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Жиында рухани жаңғыру бағдарламасын жас буынның бойына сіңіру мақсатында өңірдегі мектептер мен колледждерде арнайы факультативті сабақатарды енгізу турасында ой айтылды.