​ОҚО-да қалта ұрлығымен айналысқан шетел азаматы ұсталды

0
1 221

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының полицейлері ұрлық жасап, оңай олжаға батқысы келген өзбекстандық азаматты қолға түсірді. Бір қызығы, шетелдік тұрғын арам пиғылды бұл әрекетін шекара аумағында жүзеге асырған.

Нақтырақ айтқанда, сарыағаштық тәртіп сақшыларына 23 жастағы жәбірленуші арызданып келеді. Ол өз шағымында белгісіз азамат кеден бекеті аумағында оның қалтасынан ұялы сымтетік пен құжаттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Сарыағаш аудандық Ішкі істер басқармасының ізкесушілері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде 35 жастағы өзбекстандық азамат ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда қалта ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірдің тәртіп сақшылары халыққа өзіне сақ болуға, заттарын қараусыз қалдырмауға, келеңсіз жағдайлардан абай болуға кеңес береді. Ақша, құжаттар мен ұялы сымтетіктеріңізді ішкі қалталарыңызға салудың пайдасы тиетінін ескертеді. Сонымен қатар сөмке, әмияндарыңызды ашық күйде қалдырмай, қоғамдық орында бейтаныс адамдардан сақ болуға шақырады. Егер де Сіз бөтеннің мүлкін ұрлау жайтының жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, полицияның «102» нөміріне дереу хабар берулеріңізді сұрайды.