ОҚО-да орамал таққан 130 оқушының ата-анасы жауапқа тартылады

0
1 087

ERNUR.KZ. ОҚО да мектеп формасына қойылатын талапты сақтамаған 130 оқушының ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл туралы ​білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықұлы өткізген брифингте айтылды.


ОҚО-да орамал таққан 130 оқушының ата-анасы жауапқа тартылады

фото: qasym.kz

ERNUR.KZ. ОҚО да мектеп формасына қойылатын талапты сақтамаған 130 оқушының ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықұлы өткізген брифингте айтылды.

Өңірдің бас ұстазының сөзінше, оқушылар ғана емес кей мұғалімдер білім ошақтарында бекітілген тәртіпті де сақтамайды екен.

«Қазір орамал таққан 398 оқушы бар. 2017 жылы қаңтарда олардың саны 600 болды. Өткен жылы Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал аудандарда 28 мұғалім орамал таққан. Қазір тек 6 мұғалім мұсылман киімінде сабақ беріп жатыр. Білім министрлігінің заңына бағынбаған 130 ата-ана әкімшілік жазаға тартылады”, - деді ол.