ОҚО да полиция тергеушісі кісі тонаған

0
1 229

​​Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданының тергеушісі моншаға келген адамды тонағандықта айыпталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.​


ОҚО да полиция тергеушісі кісі тонаған

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданының тергеушісі моншаға келген адамды тонағандықта айыпталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Өткен жылдың қараша айында Сарыағаш АІІБ-ның полиция бөліміне хабарлама келіп түскен, онда аудандық ауруханаға дене жарақатымен ер азаматтың жеткізілгені туралы көрсетілген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жергілікті моншалардың бірінде жарақат алған азаматтың Қызылорда облысының тұрғыны екенін анықтады.

Тергеу барысында 50 жастағы ер азамат пен монша қызметкері арасында жанжал туындағаны, әйелге көмектесуге оның үш ұлы келіп, клиентті ұрып-соғып, 170 мың теңгесін алып қойғаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1980, 1982 және 1992 жылы туылған жергілікті тұрғындар ұсталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп,тонау жайты бойынша айыптау актісімен сотқа жолданды.