ОҚО: Кентау қаласы толықтай табиғи газбен қамтылатын болады (ФОТО)

0
1 904

​Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылатын болады. Осы мақсатқа жалпы құны 3 млрд 842 млн теңге бағытталып, газ таратушы құбырларының құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО: Кентау қаласы толықтай табиғи газбен қамтылатын болады (ФОТО)

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылатын болады. Осы мақсатқа жалпы құны 3 млрд 842 млн теңге бағытталып, газ таратушы құбырларының құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда нөмері 14-ші АГТС-тың құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп, электр жүйелері тартылыпты. Сондай-ақ, 1 трансформатор, 5 жайтартқыш, 1 прожекторлы діңгек орнатылған. Сонымен қатар, контейнерге операторлық блок орналасса, жылыту торабы, автоматтық одоризация блогы орын тепкен.


Бүгінгі таңда Кентау қаласын және Хантағы ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 67,8 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіпті. Құрылыс жұмыстар ағымдағы жылы 3 кезең бойынша іске асырылып, қалаға газ беру ісі жүзеге асатын болады.

Бұдан бөлек, қалаға қарасты Қарнақ, Құшата және Байылдыр ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 33,8 млн.теңге қаржы қаралып, жұмыс жобаларын ағымдағы жылы аяқтау көзделген.


Айта кетейік, бүгінде елді мекендерді газдандыру жұмыстарына облыс әкімі ерекше назар аударып келеді. Ж.Түймебаевтың бастамасымен 2017-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілген болатын. 2017 жылдың басында облыста 300 елді мекен газдандырылса, жоспарға сәйкес 3 жылдың ішінде қосымша 383 мекенге «көгілдір отын» жеткізілмек. Бұл мақсатқа бюджеттен 13 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлініп, жыл бойына 89 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілген.


Ал 2018 жылы облыста табиғи газбен қамтамасыз ету саласында 67 нысанның құрылысы жүргізіліп, 42 елді мекенге, яғни, 60,3 мың тұрғынға табиғи газ жеткізілетін болады. Бұл облыстағы жалпы 386 ауылды, немесе тұрғындардың 46,2 пайызын қамтамасыз ету деген сөз.