Өмірзақ Шөкеев 8 айда қол жеткізген көрсеткіштермен бөлісті

0
463

Мәселен, тау-кен өнеркәсібі өнім көлемі 180 млрд.теңгені құрады.


Өмірзақ Шөкеев 8 айда қол жеткізген көрсеткіштермен бөлісті

Өмірзақ Шөкеев биылғы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар бойынша барлық салаға жеке-жеке тоқталып, қол жеткізген көрсеткіштермен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде 187,7 млрд.теңге өнім өндіріліп, тоқыма бұйымдарының өндірісі – 2,5 есеге, сусындар өндіру – 34,8%, қағаз бұйымдарының өндірісі – 32,6%, тамақ өнімдері – 5,8%-ға өсті. Еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 27,5 мың АҚШ долларын құрап, 5,8%-ға артты. 2021 жылы оның деңгейін 106,3%-ға жеткізу жоспарлануда. Уран және металлургия өндіру көлемінің 2,1%-ға артуы есебінен тау-кен өнеркәсібі өнім көлемі 180 млрд.теңгені құрады.


Ал, ауыл шаруашылығында 405,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдан 67,5 млрд. теңгеге артқан. Кәсіпкерлік саласы бойынша 143 166 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 215 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсімді құрап, еліміз бойынша көш бастады.

Өңірдің индустриялдық әлеуетін жақсарту мақсатында 698,2 га аумақта 9 индустриалдық аймақ құрылып, инфрақұрылым тартылған. Индустриалдық аймақтарда жалпы құны 37,1млрд.теңгені құрайтын, 4 293 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 59 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, 37 жоба іске қосылып, 1 572 жұмыс орны ашылды, инвестиция көлемі27,8млрд.теңге. Ағымдағы жылы 683 жұмыс орнымен 6 жобаны іске асыруды жоспарланған (1,9 млрд.теңге).


Сондай-ақ, бизнес-климатты жақсарту бойынша ірі жобаларды іске асыруға облысқа 321,7 млрд.теңге инвестиция бағытталған, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 20,2%-ға артық. Сондай-ақ, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын және жастар саясатын дамыту жөніндегі іс-шаралар нәтижелі жүзеге асырылуда. Бүгінде облыс бойынша 18,2 млрд.теңгеге 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 70 мектеп облыстық бюджет есебінен(16,1 млрд.тг.), 8 мектеп «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен (2,1 млрд.тг.). 44 нысанның құрылысы аяқталып, 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесін шешу жоспарлануда. Жаңа оқу жылында 15 мектеп пайдалануға тапсырылған. Одан бөлек, облыс әкімі Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынып жатқандығын мәлімдеді.