«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Бәйдібектік ұстаздар мен оқушылар қарияларға қолғабыс етті

0
219

Аудандағы барлық елді мекендердегі мекеме қызметкерлері, жастар қазыналы қариялардың үйлеріне барып, аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.


«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Бәйдібектік ұстаздар мен оқушылар қарияларға қолғабыс етті

Бәйдібектік ұстаздар мен оқушылар қарияларға қолғабыс етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Бәйдібек ауданында жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудандағы барлық елді мекендердегі мекеме қызметкерлері, жастар қазыналы қариялардың үйлеріне барып, аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шыбыт елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин атындағы мектептің ұстаздары мен оқушылары батыр ана Валентина Жұмабекованың үйіне барып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.


Сонымен қатар аталған ауылдық округіне қарасты Тасқұдық мектебінің оқушылары мен ұстаздары да тыл ардагері Фатима Әлімбекованың шаңырағында болып, ауласын тазалау, бақшасының жерін аудару, көгалдандыру жұмыстарын атқарды.


Елімізде экоакция аясында өткізіліп жатқан шараға белсенділік танытып, шаңырағына арнайы келіп көмек қолын созып жатқан ұстаздар мен оқушыларға алғыстарын білдірген ақ жаулықты аналар баталарын берді.