«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Шардара ауданының өнерпаздары Түркістанда

0
319

Күн соңында «Халық әні – қазынам» атауымен «Мерей» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.


«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Шардара ауданының өнерпаздары Түркістанда

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Шардара ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында «ШардараАрмспорт» клубының тарихы және «Шардара чемпиондары» ауданнан шыққан үздік спортшылардың жетістіктерінің, «Сыр шерткен Сырдың қойнауы» Шардара аудандық өлкетану мұражайының көшпелі көрмесі, қолөнер, қылқалам шеберлерінің, дәстүрлі тоқыма бұйымдар көрмесі жасақталды. Сондай ақ, жүннен бұйымдар жасау технологиясының және кілем ,сырмақ, өрмек тоқу,жүн бояу және киіз басу,текеметке өрнек салу (ақ киіз), жүн түту, сабау,шүйке жасау,ұршық иіру тәсілдерінен шеберлік сағаты өтті.


Күні бойы қала қонақтарына қазақ салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру мақсатында көріністер қойылып, Ұлттық тағамдар көрмесін көпшілікке ұсынды. «Дәстүр тағылымы» тақырыбында сал-серілер, жыр, терме, күй, халықтық фольклор өнерінің шеруі және ұлттық дәстүрлер қойылымдары сахналанды. Күн соңында «Халық әні – қазынам» атауымен «Мерей» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.


Сонымен қатар Шардара ауданының мәдени күндері аясында жастардың танымдық қабілетін арттыруға, интеллектуалды, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында «Ой мен ойын» интеллектуалды сайысы өтті.


Этноауыл аумағында ұлттық спорттық ойын түрлерінен сайыстар және аудан өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Сондай-ақ «Көше театры шақырады» атты аудан өнерпаздарының әдеби-сазды театралдық қойылымы сахналанады. «Туған жерім Шардара, шаттық мекенім» атты кітап көрмесі жасақталып, «Ақ әжелер» халық ансамблі өнер көрсетті. Кешкі сағат 19:00-де «Керуен Сарай» туристік орталық алаңында «Жайнай бер,шағалалы Шардара» тақырыбымен аудан өнерпаздарының танымал эстрада жұлдыздарымен бірлескен гала-концерті өтті.