Теңлібаев ҚПК 128-бабының негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
ОҚО-да МКД басшысы орынбасарының пара алғаны әшкере болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ МҚІСЖҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Н.С.Теңлібаевты әшкереледі. Ол шет елдермен сауда жасайтын кәсіпкерлерден пара алу үшін қылмыстық топ құрып, оған өзіне бағынышты төрт кеден бекетінің басшыларын тартқан", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
2017-2018 жылдары берілген заңсыз сыйақы көлемі 1,2 миллион долларды құраған.
Теңлібаев ҚПК 128-бабының негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.