Бұдан бөлек, су шаруашылығында ағын су жеткізетін 5 канал қайта құрылымдаудан өткізіліп жатыр. Облыс әкімі Ж.Түймебаев осынау жұмыстардың барысымен танысу мақсатында Өркенді елді мекеніндегі жөндеуден өткізілген «К-28» каналын көрді.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақтаралдық шаруалар биыл ағын судан тапшылық көрмейтін болады. Ол үшін ауданда 2673,44 шақырымды құрайтын 1310 канал егістік жерлерге кедергісіз су жеткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұдан бөлек, су шаруашылығында ағын су жеткізетін 5 канал қайта құрылымдаудан өткізіліп жатыр. Облыс әкімі Ж.Түймебаев осынау жұмыстардың барысымен танысу мақсатында Өркенді елді мекеніндегі жөндеуден өткізілген «К-28» каналын көрді.
Аталған су жүйесінің жалпы ұзындығы 18,1 шақырымды құрайды. 2017 жылы құрылысы толық аяқталған каналдың қайта құру жұмыстарына 632 миллион теңге қаржы жұмсалды.
Су ресурсын үнемдеу үшін тамшылатып суғару әдісін егістік жерге кеңінен ендіру қажеттігін айтқан Жансейіт Қансейітұлы бүгінде осы технология облыстағы 1878,1 гектар жерге ендірілгенін атап өтті.
«Тамшылатып суару әдісі арқылы екі есе өнім алып, қаржы мен ағын суды үнемдеуге болады. Сондықтан да агросектор саласына аталған технологияны енгізудің тиімділігі орасан. Тамшылатып суарудың бір қасиеті – әрбір егілген дақылдың үстіне тамшылатып қоюында. Суды уақтылы, әрі керек кезінде ғана береді. Сонымен қатар, өлшеуіш құрал арқылы шаруалар кеткен шығынын нақты есептеп отырады. Яғни, қаржыны үнемдейді. Ал Мақтаарал ауданында бұл әдіспен 1793 гектар жер суғарылады. Бұл 138 мың гектардан астам егістік жері бар аудан үшін аз. Сондықтан аудан басшылығына осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, шаруаларға түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын»,-деді облыс әкімі.