Жәдігер "Жеті жарғы және Қожаберген жырау" қайырымдылық қорының төрағасы Бекет Тұрғараевтың бастамасымен салынған.
ОҚО Елбасының "Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай республикалық жиынның жалғасы Қазығұрт ауданына қарасты Шарапхана елді мекенінде өтті.
Шара барысында "Батыр бабалар" мемориалдық кешеніндегі Халық қаһармандары Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрлердің ескерткіштері ашылды.
Бйіктігі 11 метрлік жәдігердің авторлары: Әбдікәрім Ахметов пен Мұрат Мансұров.
Жәдігер "Жеті жарғы және Қожаберген жырау" қайырымдылық қорының төрағасы Бекет Тұрғараевтың бастамасымен салынған.
-Б.Тұрғараұлының бастамасымен қолға алынып жүзеге асып жатқан бұл жұмыстар елдің игілігі үшін қажет. Киелі Қазығұрт тауынан бастау алатын бабаларымыздың ескерткіші менмұндалап әрі бері өткен жолаушыларға Қазақ халқының хас батырларының ескерткіші көрінер. ОСЫНАУ жобаға қолдау білдірген облыс басшылығына алғысымызды білдіреміз,-деді Қоғам қайраткері, ОҚО Құрметті азаматы Қуаныш Айтаханов.