ОҚО: Мақтаарал ауданын үшке емес екіге бөлу қарастырылды

0
2 394

​Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясында қаралған 9 мәселенің бірі - Мақтаарал ауданын екіге бөлу туралы ұсыныс ​болды. Халық қалаулылары бұл жобаны бір ауыздан қабылдап, қолдау білдірді.


ОҚО: Мақтаарал ауданын үшке емес екіге бөлу қарастырылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясында қаралған 9 мәселенің бірі - Мақтаарал ауданын екіге бөлу туралы ұсыныс болды. Халық қалаулылары бұл жобаны бір ауыздан қабылдап, қолдау білдірді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәслихат сессиясында бұдан өзге облыс әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу, Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы, «Облыс әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және «Облыс халқын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайы талқыланды.

Аталған мәселе сессияға дейін аудан зиялыларымен, тұрғындарымен, депутаттарымен өткен кездесуде бірнеше рет талқыланған. Сессияға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл бағыттағы жүргізілетін жұмыстарды да атап өтті.