Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні, яғни, 1991 ж.т. және 1993 ж.т. Шымкент қаласының және Мақтарал ауданының тұрғындарын ұстады.
ERNUR.KZ. Наурыз айында түнгі уақытта Мақтарал АІІБ-нің кезекші бөліміне 1980 ж.т. жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз тұлғалар оның ойынханасына кіріп, күш көрсетіп, кассадан ақша мен ұялы телефонын алып кеткендігін айтқан,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап .
Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 150 мың теңгені құрады.
Қылмысты ашу мақсатында Мақтарал АІІБ-де тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні, яғни, 1991 ж.т. және 1993 ж.т. Шымкент қаласының және Мақтарал ауданының тұрғындарын ұстады.
Қазіргі таңда аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің «тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер тұтқындалған.
Оңтүстік Қазақстандық полицейлер өзін және өзінің мүлкін қылмыстық қол сұғушылықтан қауіпсіздендіру үшін тұрғындарға сақтық шараларын қабылдау қажеттігі туралы естеріне салады. Сонымен қатар, үй-жайларда сыртқы бақылау бейнекамераларын және күзет дабылдамасын, соның ішінде «дабыл нүктесін» орнатуға кеңес береді. Қабылданған шаралар сіздің мүліктеріңізді қаскүнемдерден қорғайды, сондай-ақ, полицейлерге қылмысты «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік береді.