​Ордабасылық кәсіпкерлер несиенің арқасында шаруаларын дөңгелетіп отыр

0
1 664


​Ордабасылық кәсіпкерлер несиенің арқасында шаруаларын дөңгелетіп отыр

Түркістан облысында ордабасылық кәсіпкерлерге 2 млрд. теңгеден астам несие берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан көлемінде 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың жалпы саны 10 248 нысан, оның белсенді шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындары - 9 587 нысан, заңды тұлға - 553 нысан, дара кәсіпкерлер - 2 895 және шаруа (фермер) қожалықтары - 6 139 нысан, бұл жалпы тіркелген кәсіпорынның 93,5 пайызын құрады. Осы құрылымдар бойынша жұмыспен қамтылған 21 952 адам.
Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 38 млрд 829 млн. 300 мың теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға жетті, одан түскен салық көлемі - 582 млн. 400 теңге.
Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 5 160 адамға 2 млрд. 450 млн. теңге несие қаржы берілді: «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МҚҰ» арқылы 26 адам 152 млн теңге игерді. «КазМикроФинанс(КМФ)» Төрткүл филиалы арқылы 1 692 адам - 656 млн. 100 мың теңге, Темірлан филиалы арқылы 3 228 адам - 1 млрд. 321 млн. 100 мың теңге. «Арнур кредит» несие ұйымы арқылы 158 адам - 108 млн. 400 мың теңге несие алды. «Төрткүл несие» ЖШС арқылы 6 адамға - 19 млн. 200 мың теңге, «Агронесие Ордабасы» ЖШС арқылы 8 адамға - 43 млн. 200 мың теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС арқылы 44 адамға - 150 млн. теңге несие берілді.

Дереккөз: Ордабасы ауданы әкімдігінің ресми парақшасы