11 320 дана ағаш және көпжылдық гүл көшеттері отырғызылды.
Түркістанды түлетуге аудандар да атсалысуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласын дамытуды ілгерілету мақсатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, облыс орталығы 32 секторға бөлініп, оған аудан мен облыстық басқармалар жауапты болып бекітілген. Облыс басшысы шаһардағы абаттандыру жұмыстарын аралау барысында Ордабасы ауданына бекітілген сектор жұмысымен танысты. Онда аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңір басшысына көгалдандандыру бағытындағы жұмыс барысы жөнінде баяндады.
«Түркістан қаласын көркейту бойынша Ордабасы ауданына 13 көше бекітілген. Көшелердің жалпы ұзындығы – 7,9 шақырым. Қазіргі таңда көше жиектеріне 11 320 дана ағаш және көпжылдық гүл көшеттері отырғызылды. Шым егу үшін көше жиектері тегістеліп, топырақ төселді. 25-қарашаға дейін егу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда», - деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, қаладағы Дастанов көшесінің екі жақ бетіндегі 740 метр аумаққа тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Бұл жұмыс қалған 12 көшеде жалғасуда. Тамшылатып суғару жүйесі үшін қажетті 5 ұңғыма және 3 трансформаторлардың орындары тиісті мамандармен нақтылануда. Жалпы алғанда, Түркістанды түлету ісіне өңірдегі аудан-қаладан келген азаматтар айтарлықтай үлес қосып, шаһардың гүлденуіне атсалысуда.