Ө.ШӨКЕЕВ: «Биыл 52,4 мың отбасына АӘК тағайындау үшін 26,1 млрд. теңге бағытталады»

0
2 402

18 жасқа дейінгі балаларға жалпы сомасы 13,7 млрд. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаражаты бөлінеді.


Ө.ШӨКЕЕВ: «Биыл 52,4 мың отбасына АӘК тағайындау үшін 26,1 млрд. теңге бағытталады»

Түркістан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға былтыр 24,4 млрд. теңге қаралды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылы Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Birgemiz» Қоғамдық қоры арқылы 38,9 мың азаматтқа 1,9 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Дағдарысқа қарсы шаралар ретінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» іске асырылып, нәтижесімен 500-ге жуық инфрақұрылымдық жобасын іске асыруға қаралған 110 млрд. теңге аясында 27 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларының нәтижесі дағдарыс кезінде халықтың табысының күрт төмендемеуіне, жұмыссыздық деңгейін 5,2%-дан өспеуіне әсер етті.

«Жалпы, өткен жылы облыста халықтың өмір сапасын жақсарту, өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды, алдымызға іске асыруға тағы да көлемді міндеттер қойып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей облысымыз туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сондықтан әлеуметтік сала басты назарда. Биыл 52,4 мың отбасына немесе 290 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек үшін 26,1 млрд. теңге бағытталады. 18 жасқа дейінгі балаларға жалпы сомасы 13,7 млрд. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаражаты бөлінеді. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын 85 %-ға жеткізу көзделген», - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Айта кетейік, ел алдындағы есептік кездесуін өткізген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. Қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді кеңінен баяндады. Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Пандемияға байланысты биыл есептік кездесу онлайн форматта, карантин талаптарына сай ұйымдастырылды.