Оңтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысының жас инспекторлары» өңірлік слеті өтті

0
1 984

Слетке қатысушылар саптық байқау, жол қозғалысы ережесінің белгілері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас санитар, үгіт- насихат топтарының байқауы, тапқырлар (эрудиттер) турнирі, «Ашық үзіліс» байқауы бағыттары бойынша сынға түсті.


Оңтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысының жас инспекторлары» өңірлік слеті өтті

ERNUR.KZ. Түркістан қаласында Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының 18-ші облыстық слеті өткізілді. Жас инспекторлар қозғалысы топтарының қызметін жетілдіру, сонымен қатар, балалардың жол-көлік жарақатының алдын-алу жұмысын жандандыру мақсатында ІІД Жергілікті полиция қызметі, Білім басқармасы және «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілдіктерімен облыстың ҚЖИ-ның қалалық және аудандық жеңімпаздары қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Слетке қатысушылар саптық байқау, жол қозғалысы ережесінің белгілері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас санитар, үгіт- насихат топтарының байқауы, тапқырлар (эрудиттер) турнирі, «Ашық үзіліс» байқауы бағыттары бойынша сынға түсті.

Байқау нәтижесінде жалпы командалық біріншілікте 1-ші орынды Түркістан қаласы №24 жалпы орта мектеп оқушыларынан құралған «Жасұлан» командасы иеленді. Ал, 2-ші орынға Түлкібас ауданы Б.Сыдыков атындағы жалпыорта мектептің «Жасұлан» командасы ие болды.

Облыстық слеттің жеңімпазы - Түркістан қаласындағы №24 жалпы орта мектебінен құралған командасы Қызылорда қаласында 2018 жылдың 20-29 тамыз аралығында өтетін республикалық слетте Оңтүстік Қазақстан облысының атынан өз білімдері мен шеберліктерін көрсететін болады.