Отырар ауданында Желтоқсан құрбандарына арналған көкпар ойыны өткізілді

0
3 262

Ұлттық ойын мерекесі мен Тәуелсіздік мерекесін ұштастыра ұйымдастырған — аудан мектептерінің 20 жылдық түлектері.


Отырар ауданында Желтоқсан құрбандарына арналған көкпар ойыны өткізілді

Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы - Шәуілдір ауыл округінде Тәуелсіздік мерекесіне орай ұлттық ат спорты — көкпар ойындары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Отырар ауданы аумағындағы мектептерден 1998 жылы түлеп ұшқан 20 жылдық түлектер Тәуелсіздік мерекесі және желтоқсан құрбандарына арнап ұйымдастырған шарада бірінші кезекте Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап ас беріліп, құран бағышталды. Құрметті қонақ ретінде шақырылған Ауданның Құрметті азаматтары мен ақсақалдар бата беріп, жастарды туған елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімімен елге адал қызмет етуге шақырып, алдыңғы буынның өнегелі істерін үлгі етті.

Шара атшабар алаңында тартысты көкпар ойындарымен жалғасты. Жалпы жүлде қоры — 2 миллион теңгені құраған, оған қазақы салтпен төрт түліктен 2 түйе, 1 тай, 2 өгіз қосылған ойында ат жалын тартып мінген көкпаршы ұлдар бар өнері мен күштерін ортаға салып, жиналған қауымның жүректеріне жалын сыйлап, рухын асқақтатты.