Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы Түркістан облысы өңірінде еңбек етіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ERNUR.KZ. Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы Түркістан облысы өңірінде еңбек етіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған қалам иелерімен кездесуде аудан басшысы: «Журналистер — қоғамның қозғаушы күші. Нағыз қаламгер сын жазса да тек шындықты жазу керек. Кемшілікті түзеуге ықпал еткен сын ғана екі жаққа да пайдалы болмақ. Сондықтан Сіздердің төл мерекелеріңізде шығармашылық шабыт, шаңырақтарыңызға шаттық, журналистік қызметтеріңізде сәттілік тілеймін!», — деп өз лебізін білдіріп, журналистермен ой-пікір алмасты.
Сонымен қатар аудан әкімі қоғамдық ойды қалыптастыруда жағымды жаңалықтардың жаршысы болуға өзіндік үлесін қосып жүрген бір топ журналистерді арнайы алғыс хатпен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.
Мерекелік шара – 84 жылдық тарихы бар аудандық «Отырар алқабы» газеті редакциясының жаңартылған ғимаратымен таныстыруға ұласты. Редакция ұжымына сәттілік тілеген аудан басшысы жаңа ғимаратқа сый-сияпатын табыстап, сәттілік тіледі.
28 маусым- Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған жиын Арыс өзені жағасындағы «Саяжай» демалыс орнында мерекелік дастарханға жалғасты.