Өзбекстан Мақтааралдағы барлық коллекторды тазалауға көмектеседі

0
826

Өзбекстандықтарға шекарадан өтуге мүмкіндік беру керек.


Өзбекстан Мақтааралдағы барлық коллекторды тазалауға көмектеседі

ERNUR.KZ. Өзбекстан Мақтааралдағы барлық коллекорды тазалауға көмектеседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жалпы, Өзбекстан тарапының мамандарымен тығыз байланыстамыз. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар өздерінің техникасымен кіріп, біздің бүкіл коллекторларды тазалауға көмектесетіндігіне келісім алып келдік. Біз тек шекарадан өтуге мүмкіндік беруіміз керек», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, Мақтаарал ауданындағы елді мекендерге жерасты суы жақын орналасқан. Су ұзақ уақыт жатып қалуы мүмкін.

«Сондықтан аталған елді мекендердің айналасынан үлкен арықтар қазып, суды сол арықтарға сорғыту үшін техника қажет болады. Осыған орай Экология министрлігімен бірігіп, республика өңірлерінен мотопомпаларды, сорғыларды алдыру керек болады»,- деді ол.