​Сарыағашта ауыл шаруашылығы саласын дамыту жөнінде кеңес өтті

0
1 820

Түркістан облысының, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.Оспанов ауыл шаруашылығы саласындағы 9 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардың барысы және саладағы өзекті мәселелер туралы жиналыс өткізді.


​Сарыағашта ауыл шаруашылығы саласын дамыту жөнінде кеңес  өтті

Түркістан облысы Сарыағаш аудан әкімдігінде ауыл шаруашылығының 9 айлық қортындысы бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.Оспанов ауыл шаруашылығы саласындағы 9 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардың барысы және саладағы өзекті мәселелер туралы жиналыс өткізді.

Аталған жиында, егістік жер көлемінің игерілуі; ауыл шаруашылығы дақылдарын статистикалық мәліметке енгізу; ауыл шаруашылығы дақылдары және гектар түсімділігі; күзгі жер айдау мен күзгі егістің барысы; егістік жерлерді электронды картаға енгізу; «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы; сияқты мәселелер көтерілді.

Жиналысқа, қала, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, статистика басқармасының қызметкерлері, ауыл шаруашылығы мамандары мен бөлім басшылар қатысты.

Түркістан облысының, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.Оспанов: Сарыағаш ауданына ауыл шаруашылығы бойынша облысымызда алдыңғы орында келе жатқан аудан. Сіздердің бүгінгі 9 айдың қортындысы бойынша жұмыс баршылық. Бүгінгі сіздердің ұсынған маңызды ұсыныстарыңызды алдағы уақытта қаралып, сіздерге мәлімдемені жеткізетін боламыз.