Сарыағаштық баланың ісі: Сарыағаштық депутат Селтановқа ескерту жасалды

0
1 829

​Сарыағаш ауданындағы 7 жасар баланың оқиғасына байланысты малихат депутаты Сапарәлі Селтановқа «Нұр Отан» партиясының бюро мүшелері ескерту жасады. Ескертуде партияның этикасы мен ұстанымдарын бұзғандығы айтылған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ today.kz-ке сілтеме жасап.


Сарыағаштық баланың ісі: Сарыағаштық депутат Селтановқа ескерту жасалды

Сарыағаш ауданындағы 7 жасар баланың оқиғасына байланысты малихат депутаты Сапарәлі Селтановқа «Нұр Отан» партиясының бюро мүшелері ескерту жасады. Ескертуде партияның этикасы мен ұстанымдарын бұзғандығы айтылған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ today.kz-ке сілтеме жасап.

Селтановты тексеру оның: «Мені күштеп депутаттыққа сайлады»,-деп today.kz тілшісіне берген сұхбатынан кейін басталды. Орыс тілінде жүргізілген сұқбатта Сапарәлі Селтанов: «2016 жылы мені халық еркімнен тыс депутаттыққа сайлады, ол кезде менің зейнетке шыққаныма 7 жыл болған еді»,-деген.

Депутат сұхбат орыс тілінде жүргізілгенін, өзінің орыс тілін жетік білмейтінін, оның сөздерін дұрыс түсінбей қалғандығын айтып ақталды. Селтанов бұл түсініспеушілік үшін партия бюросы мүшелерінен кешірім сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Сарыағаш аудандық маслихат депутаты Сапарәлі Селтанов Абай ауылындағы 7 жасар баланың ісін « жылы жабуға» қатысты түсінік берген еді. Депутат бұл іске не оның, не отбасының қатысы жоқтығын, осы оқиғаға қатысты ақпараттарды жабуға әрекеттенбегенін айтқан болатын.